О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 380 «Об утверждении Правил передачи детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 380 «Об утверждении Правил передачи детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 123
- Қабылданған күні
- 18.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2020 140415_451092.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000123
- ЭКБ идентификаторы
- 140415
- Редакция идентификаторы
- 140415_451092
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:35
0 «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
мәтін бойынша орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ата-аналары белгісіз тауып алынған (тастанды) баланы асырап алу Кодексте белгіленген тәртіппен Кодекстің 196-бабына сәйкес хаттама немесе ішкі істер органдары немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген акт, оның туу туралы куәлігі және баланың тууын тіркеуді растайтын туу туралы акт жазбасының көшірмесі болған жағдайда жүзеге асырылады.»;
4-тармақтың 14) тармақшасындағы «қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.» деген сөздер «(Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген (баланың жақын туыстарын қоспағанда) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның (бұдан әрі – орган) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген балаларды асырап алуға рұқсат беруі үшін қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қорытындысы негіз болып табылады.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алуға үміткерлер Республикалық деректер банкінде баланы таңдап, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Республикалық деректер банкінде қалыптастырылған, баламен танысуға арналған жолдаманың негізінде баламен жеке танысады.
Баламен танысу қорытындылары бойынша бала асырап алуға үміткерлер баламен одан әрі қарым-қатынас жасаудан бас тартуды немесе келісімін Республикалық деректер банкінде бетбелгіні басу арқылы растайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.
20. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баламен жеке танысқаннан кейін:
1) орган өкілінің қатысуымен тиісті білім беру, медициналық және өзге де ұйымның ережесіне сәйкес режим талаптарын сақтай отырып, баланың тұрақты тұрғылықты жерінде баламен кемінде екі апта тікелей қатынасады (баламен, оның әдеттерімен, талғамымен, мінезінің ерекшеліктерімен жеке танысу, серуендеу, ойындар);
2) бала асырап алу туралы толық ақпарат алады және оның құжаттарымен танысады;
3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындымен танысу фактісін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда растайды;
4) тілек білдірсе, бала орналасқан білім беру, медициналық және өзге де ұйым өкілінің қатысуымен асырап алынатын баланы тәуелсіз медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық мекемеге жүгінеді;
5) екі апталық қарым-қатынастың соңғы күні бала асырап алу рәсімінен бас тартуды немесе оған одан әрі қатысуды Республикалық деректер банкінде растайды және өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2 2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының
азаматтарына арналған нысан
__________________________
__________________________
(жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымның атауы)
директоры
(бас дәрігері)
________ № _______________
Бала _______________________________ _____________танысу үшін
Т.А.Ә. (бар болса) анкета нөмірі
бала асырап алуға үміткер ретінде 20 __жылғы _________ № _______
қорытындымен тіркелген, бала асырап алуға үміткерлер _________________
Т.А.Ә. (бар болса)
берілді.
Балаға келу күні мен уақыты: 20____ жылғы «___»______ сағ. ______.
Бала тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған ұйымның мекенжайы мен телефоны:
_______________________________________________________________.
Назар аударыңыз! Егер баламен танысқан болсаңыз, жетім балалар мен
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның
қызметкері танысу фактісін ағымдағы күні сағат 18:30-ға дейін растауы тиіс.
Егер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымның қызметкері танысу фактісін растамаған жағдайда,
мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 (7172) 74-21-54,
8 (7172) 74-23-41 (сағат 9: 00-ден 18: 00-ге дейін).
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын
балаларды асырап алуға беру
қағидаларына
1-қосымша
Туысқандарға арналған нысан
Жолдама берген ұйымның бланкісі
_________________________
_________________________
(жетім балалар мен
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған
ұйымның мекенжайы
және телефоны)
директоры
(бас дәрігері)
_________________________
(мекеме басшысының Т.А.Ә.
(бар болса))
_________ № _________
Бала _______________ танысуға және кемінде 2/4 апта қарым-қатынас
Т.А.Ә. (бар болса)
жасау үшін туысқандары/бала асырап алуға үміткерлер _____________ берілді.
(қажеттінің астын сызу) Т.А.Ә. (бар болса)
Қабылданған шешім туралы мәліметтер_________________________
(келісім, бас тарту)
___________________________________________________________
(туысқандарының/бала асырап алуға үміткерлердің қолы)
жолдаманы берген органның
басшысы
____________________________
Т.А.Ә. (бар болса), қолы
М.О.