Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Айтекебийского района от 30 марта 2012 года № 55 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Қаулы · № 27 · қабылданған 08.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2012-no-55/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Айтекебийского района от 30 марта 2012 года № 55 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 27 ·08.02.2013
07.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Айтекебийского района от 30 марта 2012 года № 55 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 27 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Айтекебийского района от 30 марта 2012 года № 55 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций"
Атауы (қаз.)
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
08.02.2013
Көрсетілген редакция
07.07.2016 71464_Some(100924).kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13CB003542
ЭКБ идентификаторы
71464
Редакция идентификаторы
71464_Some(100924)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:46

0 Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сәйкес Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әйтеке би аудан әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 55 «Әйтеке би ауданындағы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-132 тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 18 (1691) «Жаңалық жаршысы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының атауы келесі редакцияда баяндалсын:
«Әйтеке би ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы».
1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.»

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З. Бөлековаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы