О внесении дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 30 января 2012 года № 6/2 "О социальной поддержке отдельных категорий граждан Щербактинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Щербактинского районного маслихата от 30 января 2012 года № 6/2 "О социальной поддержке отдельных категорий граждан Щербактинского района"
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/4
- Қабылданған күні
- 12.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2014 64435_193397.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PM000145
- ЭКБ идентификаторы
- 64435
- Редакция идентификаторы
- 64435_193397
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:51
0 Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56–бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 11) тармақшасына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 6/2 "Шарбақты ауданындағы жеке санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 12–13–139 тіркелген, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Маралды" газетінің № 8, 2012 жылғы 23 ақпандағы ауданның "Трибуна" газетінің № 8 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1–тармақ келесі мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
"41) зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек.";
2–тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"зейнеткерлерге санаторлы–курорттық емделудегі шығындарын өтеуге біржолғы материалдық көмек 49000 (қырық тоғыз мың) теңге.";
3–тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) осы шешімнің 1–тармағының 41) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке есепшотының нөмірі көрсетілген жеке өтініші, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросынан анықтама, сауықтырудан өту қажеттілігі жөніндегі медициналық қорытынды, санаторлы–курорттық картасы, профилакторияда сауықтырудан өткендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі.".