Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Ереже · № 2/24 · қабылданған 16.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2013-no-21171-ekb-103222/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Күшін жойған Ереже ·№ 2/24 ·16.05.2016
16.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Күшін жойған Ереже ·№ 2/24 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/24
Қабылданған күні
16.05.2016
Көрсетілген редакция
16.04.2021 103222_520211.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MB003058
ЭКБ идентификаторы
103222
Редакция идентификаторы
103222_520211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:10

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының

2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 45 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
3 тармақтың 8) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті;»;
6 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
келесі мазмұндағы 6-2 және 15-1 тармақтарымен толықтырылсын:
«6-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, ШАК мөлшері қайта қаралмайды.»;
«15-1. Ауылдық елді мекендерде жетіспейтін мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын білім беру қызметіне төлеу үшін, сонымен қатар 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік көмек, кірісі есепке алынбай, жылына бір рет келесі тұлғаларға ұсынылады:
1) интернатура студенттеріне;
2) резидентура тыңдаушыларына.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М.Сарыев).

3 3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
А.Тұрақова
16 мамыр 2016 жыл
«Жаңаөзен қалалық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Джантлеуова
16 мамыр 2016 жыл

Қолданыстағы