Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 42/341 · қабылданған 21.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2013-no-21171-ekb-94420/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 42/341 ·21.09.2015
16.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 42/341 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 сентября 2013 года № 21/171 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
42/341
Қабылданған күні
21.09.2015
Көрсетілген редакция
16.04.2021 94420_520219.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15MB002841
ЭКБ идентификаторы
94420
Редакция идентификаторы
94420_520219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:19

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының

2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы № 45 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 4 (төрт) еселік табыстары бар келесі санаттағы тұлғаларға ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетпен қарастырылған қаражат шегінде жылына бір рет білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
бала кезінен мүгедектерге;
тұлдыр жетімдерге немесе балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;
ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болған немесе жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болған студенттерге;
ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;
қызылша екпесінен зардап шеккен орта мектепті бітірген (бітіруші) түлектерге (Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша);
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған кемінде төрт және одан да көп балалары бар отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын 23 жастан аспаған балаларына көрсетіледі.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).

3 3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (міндетін атқарушы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының
міндетін атқарушы
А.Тұрақова
«21» қыркүйек 2015 жыл
«Жаңаөзен қалалық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р.Джантлеуова
«21» қыркүйек 2015 жыл

Қолданыстағы