Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 429 "Об использовании участка Астана - Щучинск км 18 + 772 - км 230 + 250 автомобильной дороги общего пользования республиканского значения I-а категории Астана - Петропавловск на платной основе"

Қаулы · № 1039 · қабылданған 01.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2013-no-429-18-772-230-250-i/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 429 "Об использовании участка Астана - Щучинск км 18 + 772 - км 230 + 250 автомобильной дороги общего пользования республиканского значения I-а категории Астана - Петропавловск на платной основе" Күшін жойған Қаулы ·№ 1039 ·01.10.2013
20.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 429 "Об использовании участка Астана - Щучинск км 18 + 772 - км 230 + 250 автомобильной дороги общего пользования республиканского значения I-а категории Астана - Петропавловск на платной основе"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1039 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 429 "Об использовании участка Астана - Щучинск км 18 + 772 - км 230 + 250 автомобильной дороги общего пользования республиканского значения I-а категории Астана - Петропавловск на платной основе"
Атауы (қаз.)
"І-а санатты "Астана-Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана-Щучье" 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1039
Қабылданған күні
01.10.2013
Көрсетілген редакция
20.08.2015 AI74552_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001039
ЭКБ идентификаторы
74552
Редакция идентификаторы
AI74552_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:11

0 "І-а санатты "Астана-Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана-Щучье" 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

1 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

1 «1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

1-1

«1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар – Зеренді» учаскесі», «Щучье – Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;»;

2 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2 «2) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км;»;

3 3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:»;

4 4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

4 «4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:»;

5 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

5 «5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр;

6 6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалады;»;

8 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

8 «8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.»;

көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. Осы қаулы ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 9-бағанын, ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 2013 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 қазандағы
№ 1039 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 429 қаулысына
қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары

1 1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі:

теңге
Ай­мақ­тар
Аудан­дар
2 бі­лік­ті же­ңіл ав­то­кө­лік­тер
16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 1 тн жо­ға­ры 2,5 тн дей­ін 2 бі­лік­ті жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 тн дей­ін 2 бі­лік­ті жүк ав­то­мо­биль­де­рі
32 орын­нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн дей­ін 2 бі­лік­ті ав­то­по­ез­дар
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 тн жо­ға­ры 15 тн дей­ін­гі 3 бі­лік­ті жүк ав­то­мо­биль­де­рі
Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 тн жо­ға­ры көп ось­ті, оның ішін­де тір­кел­гіш және ер­шік­ті тарт­қы­штар
Жер­гі­лік­ті кө­лік
тран­зит
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Шор­тан­ды (66 км)
30
60
310
650
950
1300
1500
2.
Ақ­көл (51 км)
30
50
250
500
750
1000
1250
3.
Бұ­лан­ды (22 км)
10
20
100
220
320
440
600
4.
Ең­бек­шіл­дер (46 км)
20
50
210
460
680
920
1250
5.
Бу­ра­бай (26,5 км)
10
20
130
270
400
540
600
Бір ба­ғыт­та­ғы бар­лық марш­рут бой­ын­ша жиы­ны
100
200
1000
2100
3100
4200
5200
Тір­кел­ме­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры
250
1200
2500
3700
5000
6200
Ескертпе*.

1 1) тіркелмеген автокөлік құралдары – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы ІІМ тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары;

2 2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

3 3) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік.

2 2. Екі білікті жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүргені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.

3

3. Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 9-бағаны қолданысқа енгізілгенге дейін жүк көтергіштігі 15 тн. жоғары көп білікті жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелі, ершікті тартқыштар ақы төлеуді ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 8-бағанында белгіленген төлем ставкалары бойынша жүргізеді.

Қолданыстағы