О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 30 сентября 2013 года № 5С-20/4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 30 сентября 2013 года № 5С-20/4 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе"
- Атауы (қаз.)
- "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-25/6
- Қабылданған күні
- 18.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2015 79007_182939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BG004098
- ЭКБ идентификаторы
- 79007
- Редакция идентификаторы
- 79007_182939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:27
0 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-20/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3853 тіркелген, 2013 жылғы 25 қазанда «Бұланды таңы» газетінде және 2013 жылғы 25 қазанда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
9-тармақтың бесінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«барлық санаттағы мүгедектер;»;
10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3) барлық санаттағы мүгедектер;»;
11-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) азаматтарға (отбасына) қиын тіршілік жағдайы туындаған кезде, азаматтың (отбасының) кірісіне байланыссыз:
денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруларға;
«Бұланды ауданының орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының тізімі негізінде туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға ем алу ақысы;».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бұланды ауданының әкімі
_______________М.Балпан
18 наурыз 2014 жыл