Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска»

Бұйрық · № 60 · қабылданған 22.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2013-no-504-ekb-93284/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска» Күшін жойған Бұйрық ·№ 60 ·22.07.2015
23.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 60 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу Республики Казахстан лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
60
Қабылданған күні
22.07.2015
Көрсетілген редакция
23.02.2024 93284_689102.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011937
ЭКБ идентификаторы
93284
Редакция идентификаторы
93284_689102
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:00

0

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (27668) «Казахстанская правда», 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28271) «Егеменді Қазақстан» газеттерінде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөлік құралдарының өткізу пункттеріне келуі кезінде бақылаушы органдар мынадай негізгі бақылау операцияларын жүзеге асырады:
1) шекаралық бақылау бөлімшесі:
өткізу пунктіне кіру кезінде автокөлік құралдарын тіркейді;
автокөлік құралдарында баратын адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне құқық беретін құжаттарын тексереді және шекаралық бақылау нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізеді;
автокөлік құралдарын қажет болған кезде кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарайды;
адамдарға және көлік құралдарына одан әрі жүру құқығын беру туралы шешім қабылдайды;
2) кедендік бақылау бөлімшесі:
автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, көлік құралдарының кіруін тіркейді;
радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асырады;
көлік құралдары мен тауарларды кедендік ресімдейді және кедендік бақылауды жүзеге асырады;
автокөлік құралдарын шекарлық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесе қарап тексереді (қажет болғанда);
көліктік бақылау Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңынамасына сәйкес рұқсат құжаттарының бар болуы мен қолданылуын тексеру, автомобильдік автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асырады;
мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау мен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда Қазақстан Республикасымен ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік шекараның қазақстан-ресей учаскесіндегі автомобильдік пункттерінде тек шекаралық бақылау ғана жүзеге асырылады.
Барлық белгіленген бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряд өткізу пунктінің аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (Д.А. Ділманов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылық министрі
________________А. Мамытбеков
2015 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________А. Исекешев
2015 жылғы «___» ___________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов

Қолданыстағы