Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска»

Бұйрық · № 50/қе · қабылданған 16.08.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2013-no-504/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска» Күшін жойған Бұйрық ·№ 50/қе ·16.08.2022
23.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 50/қе · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 30 ноября 2013 года № 504 «Об утверждении типовых схем организации пропуска через Государственную границу лиц, транспортных средств, грузов и товаров в пунктах пропуска»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/қе
Қабылданған күні
16.08.2022
Көрсетілген редакция
23.02.2024 170707_689096.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029142
ЭКБ идентификаторы
170707
Редакция идентификаторы
170707_689096
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:37

0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы

адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шекаралық наряд келген адамдардың мемлекеттік шекарадан өту құқығына арналған құжаттарын тексеруді аэровокзалдық кешендердегі паспорттық бақылау кабиналарында немесе арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелері экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады.
Шекаралық бақылау бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бір уақытта кесіп өтетін адамдардың санын ескере отырып, барынша көп паспорттық бақылау кабиналарының жұмысы істеуіне шара қолданады.»;
17-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шекаралық наряд кететін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге құқық беретін құжаттарын тексеруді паспорттық бақылау кабиналарында, арнайы жабдықталған жайларда жүзеге асырады. Әуе кемелерінің экипажы мен жолаушыларының, сондай-ақ әуе кемесінің бортына алып келген мүгедектігі бар адамдар мен ауыр науқастардың құжаттарын тексеру белгіленген орындарда немесе әуе кемесінің бортында (әуе кемесінің басқышында) жүзеге асырылады;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануы және енгізу үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Е.Е. Алдажұмановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы