О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Казыгуртского района от 30 декабря 2013 года № 705 "Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Казыгуртского района от 30 декабря 2013 года № 705 "Об организации и объемах общественных работ за счет средств местного бюджета в 2014 году"
- Атауы (қаз.)
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 278
- Қабылданған күні
- 04.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2014 81703_273183.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14UF002744
- ЭКБ идентификаторы
- 81703
- Редакция идентификаторы
- 81703_273183
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:11
0 Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 «2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2510 тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтарда «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.»;
келесі мазмұндағы 2 – 1 – тармақпен толықтырылсын:
«2 – 1. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi» қосымшада:
реттік нөмірі 1 және 2 жолдары келесі редакцияда жазылсын:
«
1.
«Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Жігерген ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қызылқия ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Тұрбат ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарапхана ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шарбұлақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Шанақ ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
тұрғындардың үйлерiн аралау, ауылдық округтердiң әлеуметтiк картасын құрастыруға қатысу
169
6000 үй
аудандық бюджет
2.
«Ынтымақ» селолық тұтыну кооперативі, «Ынталы» селолық тұтыну кооперативі, «Қазығұрт» селолық тұтыну кооперативі, «Ақтас» селолық тұтыну кооперативі, «Шарбұлақ» селолық тұтыну кооперативі, «Шанақ» селолық тұтыну кооперативі
қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету аумақты абаттандыру және көгалдандыру
79
248000 шаршы метр
аудандық бюджет
»;
реттік нөмірі 5 жолы келесі редакцияда жазылсын:
«
5.
«Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесі
жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтiм көрсету, үй аралау
5
86 жалғызілікті қарттар, 82 мүгедек балалар
аудандық бюджет
»;
реттік нөмірі 25 және 29 жолдары алынып тасталсын.