О внесении изменений в решение Акима Казталовского района от 30 января 2013 года №1 «Об образовании избирательных участков на территории Казталовского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акима Казталовского района от 30 января 2013 года №1 «Об образовании избирательных участков на территории Казталовского района»
- Атауы (қаз.)
- Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы «Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 19.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2015 87947_6347.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ZH003859
- ЭКБ идентификаторы
- 87947
- Редакция идентификаторы
- 87947_6347
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:00
0 Казталов ауданы әкімінің
2013 жылғы 30 қаңтардағы
«Казталов ауданы аумағында сайлау
учаскелерін құру туралы» №1 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №84 ұсынысына сәйкес, Казталов аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша аудан
әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Казталов ауданы әкімінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы №1 «Казталов ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3192 тіркелген, 2013 жылғы 8 наурыздағы «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған) шешімінің қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. №245 сайлау учаскесі.
Шекаралары: Жаңажол, Танат ауылдары, Қараоба, Айғанша, Дәсі, Ақкөл, Құлақ, Сад, Малақан, Қаражыра, Сұлтаншеген ауылшаруашылығы мекендері.
Дауыс беру үшін учаскенің орналасқан жері: Жаңажол ауылы, С.Датұлы көшесі, 25 үй, ауылдық мәдениет үйі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. №256 сайлау учаскесі.
Шекаралары: Көмекші ауылы, Төремұрат, Жылти, Нарөлген, Байжиен ауылшаруашылығы мекендері.
Дауыс беру үшін орналасқан жері: Көмекші ауылы, С.Зұлқашев көшесі, 11/1 үй, ауылдық клуб.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Құсайыновқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Казталов аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Н.Құтхожин
«12» наурыз 2015 жылы