О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 113 «Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 113 «Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 17.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2020 145058_472758.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021009
- ЭКБ идентификаторы
- 145058
- Редакция идентификаторы
- 145058_472758
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:29
0
«Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:
22-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерлік өтінімдерді қабылдаған соңғы күннің алдындағы бір айдан аспайтын жағдай бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;».