О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 30 декабря 2014 года № 114-2213 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление государственных закупок города Астаны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Астаны от 30 декабря 2014 года № 114-2213 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление государственных закупок города Астаны»
- Атауы (қаз.)
- «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114-683
- Қабылданған күні
- 06.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2015 90640_28532.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00913
- ЭКБ идентификаторы
- 90640
- Редакция идентификаторы
- 90640_28532
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:08
0 «Астана қаласының Мемлекеттік
сатып алу басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» Мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына (2014 жылғы 31 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 868 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (3206) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (3224) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 2-бөлімінде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізуді қамтамасыз ету.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізу.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізу үшін қажетті ақпаратты сұрату.»;
2
2. «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.