О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 116/30 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 116/30 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы» № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 170/40
- Қабылданған күні
- 23.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2021 87595_513232.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PD004355
- ЭКБ идентификаторы
- 87595
- Редакция идентификаторы
- 87595_513232
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:34
0 Ақтоғай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы» № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы» № 116/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда «Ауыл тынысы», «Пульс села» газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
үшінші абзацтағы «69 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК),» деген сөздер мен сандар «150000 (жүз елу мың) теңге» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «1,8 АЕК» деген сөздер мен сандар «10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК),» деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «14» саны «10» санымен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «3,5» саны «10» санымен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «1,8» саны «10» санымен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «1,8» саны «10» санымен ауыстырылсын;
он бірінші абзацтағы «1,8» саны «5» санымен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысы
әкімнің міндетің атқарушы
Д. Тұрғанов
2015 жылғы «3» наурыз