Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 116/30 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Өзге акт · № 263/55 · қабылданған 26.09.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-11630/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 116/30 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням» Күшін жойған Өзге акт ·№ 263/55 ·26.09.2019
04.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 116/30 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 263/55 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 116/30 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Атауы (қаз.)
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы» № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
263/55
Қабылданған күні
26.09.2019
Көрсетілген редакция
04.03.2021 135139_513238.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PD006562
ЭКБ идентификаторы
135139
Редакция идентификаторы
135139_513238
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:23

0 Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы» № 116/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мерекелік күндерге көмек алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу туралы»№ 116/30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда «Ауыл тыныс», «Пульс села» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1- тармағында:
үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының (одан әрі – ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (одан әрі – АЕК) сомасына азық-түлік жиынтығы;»;
алтыншы абзац келесі редакцияда жазылсын:
«Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының әскери қызметшілеріне - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;»;
жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - АЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
________________ Б. Бақауов
2019 жылғы « 2 » қазан

Қолданыстағы