О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 134-30-5 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 134-30-5 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» № 134-30-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 184-34-5
- Қабылданған күні
- 25.02.2015
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2020 87712_499596.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PG004377
- ЭКБ идентификаторы
- 87712
- Редакция идентификаторы
- 87712_499596
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:28
0 Ертіс аудандық мәслихатының
2014 жылғы 30 сәуірдегі
«Атаулы және мереке күндеріне
жеке алынған санаттағы алушылар
үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін
белгілеу туралы» № 134-30-5
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10- тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 134-30-5 «Атаулы және мереке күндеріне жеке алынған санаттағы алушылар үшін әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген, 2014 жылы 17 мамыр күні «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі- ҰОС) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 000 (бес мың) теңге сомасында;»;
төртінші абзацтағы «1,8» саны «10» санымен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «14» саны «10» санымен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «3,5» саны «10» санымен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «1,8» саны «10» санымен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «1,8» саны «5» санымен ауыстырылсын.
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне - қазан айының екінші жексенбісі - он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдерге (ерлерге) 2,3 АЕК мөлшерінде».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Павлодар облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Д.Тұрғанов
2015 жылғы 3 наурыз