Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 164/34 · қабылданған 31.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-13831-ekb-124172/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 164/34 ·31.07.2018
12.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 164/34 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
164/34
Қабылданған күні
31.07.2018
Көрсетілген редакция
12.04.2021 124172_520235.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18PL006039
ЭКБ идентификаторы
124172
Редакция идентификаторы
124172_520235
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:36

0 Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 ақпанында «Апта айнасы» және «Сельские будни» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақта:
4) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi);»;
7) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«санаторлық – курорттық емдеуге мұқтаж 1 топ мүгедектері;»;
8-тармақта:
2) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«7-тармақтың 7) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санаттар үшін 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерінде (алып жүретін тұлғаның тамақтануына, тұруына және жолақысына) – өтініш, өтініш берушінің және алып жүретін адамның жеке куәлік көшірмелері, Успен ауданы аумағында тіркелгенін растайтын құжат (мекен жай анықтамасы), екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, санаторлық-курорттық сауықтыруға мұқтаж 1 топ мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекеменің анықтамасы, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде;»;
4) тармақшасының үшінші абзацында «5 АЕК мөлшерде» сөздерінен кейін «7-тармақтың 4) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген, 10 АЕК мөлшерде» сөздерімен толықтырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы