О внесении изменений и дополнений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Успенского районного маслихата от 30 января 2014 года № 138/31 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 201/43
- Қабылданған күні
- 05.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2021 129598_520231.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PL006267
- ЭКБ идентификаторы
- 129598
- Редакция идентификаторы
- 129598_520231
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:55
0 Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпанында «Апта айнасы» және «Сельские будни» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақта:
7) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«гемодиализге мұқтаж 1 топ мүгедектері;»;
8-тармақта:
4) тармақшаның төртінші абзацында «7 АЕК мөлшерінде» сөздер «10 АЕК мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақша келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«7 тармақ 7) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санаттар үшін, 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (жүріп –тұруына) – өтініш, өтінушінің жеке куәлігінің көшірмесі, Успен ауданы аумағында тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы), екінші деңгей банкідегі немесе жекелеген банк операцияларын жасауға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты, 1 топ мүгедектігі туралы тиісті медициналық мекеменің анықтамасы, гемодиализдан өту туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде.»;
9-тармақта:
1) тармақшаның алтыншы абзацында «5 АЕК мөлшерінде» сөздер «15 АЕК мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші абзацында «15235 теңге мөлшерінде» сөздер «20000 теңге мөлшерінде» сөздерімен ауыстырылсын.