Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Бұйрық · № 184 · қабылданған 20.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-162-ekb-117723/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы» Қолданыста Бұйрық ·№ 184 ·20.12.2017
20.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 184 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»
Атауы (қаз.)
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
184
Қабылданған күні
20.12.2017
Көрсетілген редакция
20.12.2017 117723_277003.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016180
ЭКБ идентификаторы
117723
Редакция идентификаторы
117723_277003
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:42

0 «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дінтану сараптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына қосымша өтініш нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Дін істері және
азаматтық қоғам министрінің
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 184
бұйрығына қосымша
Дінтану сараптамасын жүргізу
қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Дін істері және
азаматтық қоғам министрлігі
Дін істері комитетінің төрағасы
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш беруші
________________________________
________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса) мекенжайы мен
телефоны. Заңды тұлғалар үшін
почталық мекенжайы мен телефоны)
Өтініш
Сізден төмендегі діни материалдарға дінтану сараптамасын
жүргізуді сұраймын:
_________________________________________________________________________.
(авторы (және (немесе) аудармашы, құрастырушы), басылым деректері
(қала, баспасы, шыққан жылы, бет саны) сараптама нысанының атауын
көрсете отырып тізбелеу)
Дінтану сараптамасын жүргізу __________________________________________
______________________________________________________________ байланысты.
(себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен
жағдайда ұйымның атауы мен түскен күнін көрсету қажет, миссионерлерді
немесе діни бірлестікті тіркеуге өтініш берілген жағдайда,
қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған органды Қазақстан
Республикасының аумағына әкелінген жағдайда - әкеліну күнін көрсету
қажет).
Өтініш берушінің қолы, күні,
мөр (заңды тұлғалар үшін)

Қолданыстағы