Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Бұйрық · № 01-01/77 · қабылданған 26.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-162-ekb-126451/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы» Қолданыста Бұйрық ·№ 01-01/77 ·26.11.2018
26.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 01-01/77 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»
Атауы (қаз.)
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
01-01/77
Қабылданған күні
26.11.2018
Көрсетілген редакция
26.11.2018 126451_374851.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017842
ЭКБ идентификаторы
126451
Редакция идентификаторы
126451_374851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:27

0 «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 707 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына қосымша, өтініш нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аталған тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№ 01-01/77 бұйрығына
қосымша
Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрлігі
Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы
__________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
Өтініш беруші
__________________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мекенжайы мен телефоны /
заңды тұлғалар үшін
пошталық мекенжайы мен телефоны)
Өтініш
Сізден төмендегі діни материалдарға дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын:
___________________________________________________________.
(авторын (және (немесе) аудармашысын, құрастырушысын), басылым деректерін
(қала, баспасы, шыққан жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама нысанын тізбелеу)
Дінтану сараптамасын жүргізу__________________________________
_________________________________________________________ байланысты.
(себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен жағдайда ұйымның
атауы мен түскен күнін көрсету қажет, миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеуге
өтініш берілген жағдайда, қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған органды,
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайда – әкеліну күнін көрсету қажет).
Өтініш берушінің қолы, күні,
мөр (заңды тұлғалар үшін)

Қолданыстағы