Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Бұйрық · № 207 · қабылданған 12.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-162-ekb-133303/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы» Қолданыста Бұйрық ·№ 207 ·12.07.2019
12.07.2019 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 207 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»
Атауы (қаз.)
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
12.07.2019
Көрсетілген редакция
12.07.2019 133303_414294.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019064
ЭКБ идентификаторы
133303
Редакция идентификаторы
133303_414294
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:10

0 «Дінтану сараптамасын жүргізу

қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 162 бұйрығына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 848 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Дінтану сараптамасын жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына мамандықтардың біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар тартылады:
дінтану;
теология;
исламтану.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2019 жылғы «___» __________
№ ___ бұйрығына
қосымша
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
Дін істері комитетінің төрағасы
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________
_________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы мен телефоны.
Заңды тұлғалар үшін атауы, пошталық мекенжайы мен телефоны)
Өтініш
Сізден мынадай діни материалдарға: ____________________________
_________________________________________________________________
(авторын (және (немесе) аудармашысын, құрастырушысын),
шығарылым деректерін (қала, баспасы, шыққан жылы, парақ саны)
көрсете отырып, сараптама объектілерін санамалау)
____________________________________________________________
____________________________ дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.
_________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі, бұл ретте ұйымның кітапхана қорына түскен
жағдайда, ұйымның атауын және келіп түскен күнін көрсету қажет,
миссионерлер немесе діни бірлестіктер тіркеуге өтініш білдірген
жағдайда, қабылданған күнін және мұндай өтінішті қабылдаған
органды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген
жағдайда – әкеліну күнін
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
байланысты дінтану сараптамасын жүргізу көрсету қажет).
Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.
Мөр (заңды тұлғалар үшін)

Қолданыстағы