Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Бұйрық · № 95 · қабылданған 31.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-162-ekb-140935/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы» Қолданыста Бұйрық ·№ 95 ·31.03.2020
31.03.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 95 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»
Атауы (қаз.)
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
95
Қабылданған күні
31.03.2020
Көрсетілген редакция
31.03.2020 140935_454378.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020216
ЭКБ идентификаторы
140935
Редакция идентификаторы
140935_454378
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:21

0 «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген, 2015 жылғы

23 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

0 Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары

2020 жылғы 31 наурызы № 95
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 162 бұйрығымен
бекітілген
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2 2. Дінтану сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізуді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қамтамасыз етеді.

3 3. Сараптама объектілеріне:

діни бірлестіктердің құрылтай құжаттары;
діни мазмұндағы құжаттар (діни бірлестіктердің құрылымы, діни ілім негіздері, діни практикасы, діни қызметтің нысандары мен әдістері бар);
діни білім беру бағдарламалары;
діни мазмұндағы ақпараттық материалдар, діни әдебиет және діни мақсаттағы заттар жатады.

4 4. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес сараптаманы дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар (бұдан әрі – сарапшылар), қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге мамандарды тарта отырып, жүргізеді.

5 5. Сараптаманы жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына мамандықтардың біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар тартылады:

дінтану;
теология;
исламтану.

6 6. Сараптама жүргізудің негіздері:

1 1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері;

2 2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі;

3 3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші;

4 4) жеке пайдалануға арналған материалдарды қоспағанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығы;

6 6) діни әдебиеттің және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың әзірленуі, шығарылуы және таратылуы болып табылады.

2 2-тарау. Дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі

7 7. Сараптама өзіне:

1

1) объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін айқындауды, зерттелетін объектінің мазмұнын аксиологиялық бейтараптықтың сақталуы нысанасында зерттеуді, сондай-ақ діни көзқарастар мен ғибадат ету практикасының ілімді ұстанушыларға және қоғамның өзге мүшелеріне теріс ықпал ету ықтималдылығына баға беруді;

2 2) көрсетілетін қызметті беруші қойған мәселелерді ескере отырып, сараптама объектілерін қарауды. Діни бірлестіктердің құрылтай құжаттарын қарау кезінде діни бірлестіктердің қызметін, оның ішінде олардың нақты қызметінің нысандары мен әдістерін зерделеу жүргізіледі;

3 3) сараптама объектісін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының нормаларына қайшылықтардың болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын анықтау нысанасында зерделеуді қамтиды.

8

8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы өтінішті жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құқығын белгілейтін құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды Портал арқылы сараптама объектілердің электрондық формаларын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.
Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптама жүргізу үшін жібереді.

9 9. Сараптама объектісі келіп түскен кезде сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері) 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде объектіге сараптама жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге сараптама қорытындысын жібереді.

10

10. Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған кезде қосымша материалдар мен ақпараттар беру туралы мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) сұрау салулар жіберген жағдайда сараптама жүргiзу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне ұзартылады. Сараптама жүргізу мерзімін ұзартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуларды жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша хабарлайды, Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда электрондық құжат нысанында хабардар етеді.

11 11. Мемлекеттік органдардың өкілдері және өзге де мамандар тартылған кезде, сондай-ақ бір объект бойынша үш сарапшыдан артық тағайындалған кезде көрсетілетін қызметті беруші сараптама тобын құрады.

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшыға (сарапшыларға, сараптама тобының мүшелеріне) объект бойынша сараптама жүргізу мәселелерінің тізбесін береді.

13

13. Сарапшыда (сарапшыларда) қолда бар объект бойынша материалдар толық болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші қосымша материалдар мен ақпараттар беру туралы мүдделі діни бірлестіктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге, халықаралық ұйымдарға (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы) сұрау салулар жібереді.

14 14. Сараптама жүргізу барысында сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері):

1 1) уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық сараптама қорытындысын дайындайды;

2 2) сараптама жүргізу үшін ұсынылған сараптама объектісі, материалдар мен ақпараттар туралы мәліметтерді жария етпейді, сондай-ақ оларды жария бағалаудан тартынады.

15 15. Сараптама нәтижелері бойынша ұсынымдық сипаттағы сараптама қорытындысы жасалады.

Сараптама қорытындысында:

1 1) сараптама қорытындысының нөмірі;

2 2) сараптаманы жүргізген адам (адамдар);

3 3) сарапшының (сарапшылардың) құзыреттілігін көрсететін деректер: мамандығы, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда);

4 4) сараптама жүргізудің негізі (дері);

5 5) сараптама объектісінің толық атауы;

6 6) сараптама объектісінің діни қатыстылығы;

7

7) сараптама объектісінің шығыс деректері көрсетіледі. Егер сараптама объектісі діни мазмұндағы ақпараттық материал немесе діни әдебиет болып табылса, онда авторы және/немесе аудармашы (лар), құрастырушы (лар), баспасы, шыққан жылы, парақтар саны, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі) бар болған жағдайда, объекті мазмұнының тілі, егер сараптама объектісі заңды тұлғаның (діни бірлестіктің) құрылтай құжаттары болып табылса - заңды мекенжайы, құрылтай құжатының қабылданған күні, парақтар саны, объекті мазмұнының тілі, егер сараптама объектісі діни оқу орындарының рухани (діни) білім беру бағдарламалары болып табылса объектінің парақтар саны, объекті мазмұнының тілі көрсетіледі;

8 8) көрсетілетін қызметті беруші қойған сұрақтарға уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық жауаптар;

9 9) сараптама объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға және таратылуға ұсынылатыны немесе ұсынылмайтыны көрсетілетін сарапшының тұжырымы көрсетіледі.

16

16. Сараптама қорытындысына сарапшы (сарапшылар, сараптама тобының мүшелері) қол қояды және сараптама қорытындысының әрбір парағы оның қолымен расталады. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысының нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қол қойған қағаз нысандағы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында хат немесе көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы уәжді жауап дайындайды.

17 17. Егер объектілерге бұрын сараптама жүргізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама нәтижелері туралы хат береді.

18 18. Оң сараптамалық қорытынды алған сараптама нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында жариялануға тиіс.

19 19. Сараптаманы жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

20

20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

21 21. Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымын:

көрсетілетін қызметті беруші - тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

22 22. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу үшін қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

1 Өтініш

Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі Дін істері
комитетінің төрағасы
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) кімнен
__________________________
__________________________
(жеке тұлғалар үшін тегі,
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
мекенжайы және телефоны.
Заңды тұлғалар үшін атауы,
пошталық мекенжайы
және телефоны)
Өтініш
Сізден мынадай:_____________________________________________________________________
(авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы, басып шығарылған жылы, парақ саны) көрсете отырып сараптама объектілерін тізбелеу)
____________________________________________________________ діни материалдарға дінтану сараптамасын жүргізуді сұраймын.
_______________________________________________________________ (себептері көрсетіледі, бұл ретте ұйымдардың кітапхана қорларына келіп түскен жағдайда, ұйымның атауын және келіп түскен күнін, миссионерлерді немесе діни бірлестіктерді тіркеуге өтініш берген жағдайда – күні мен мұндай өтінішті қабылдаған органды, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жағдайда – әкелінген күнін көрсету қажет).
______________________________________________________________ байланысты дінтану сараптамасын жүргізу қажет.
Өтініш берушінің қолы, қол қойылған күні.
Мөр (бар болған жағдайда).

2 Хабарлама

Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
нысан
Хабарлама
Осы хабарламамен Сізге мынадай объектілерге
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(авторын және/немесе аудармашыны, құрастырушыны), басылым деректерін (қала, баспасы, басып шығарылған жылын, парақ санын, ISBN (Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі) көрсете отырып, сараптама объектілерін тізбелеу)
_______________ бұрын дінтану сараптамасы жүргізілмегендігін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, Сізге дінтану сараптамасын жүргізу үшін 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс мекенжайы бойынша хабарлама берілген күннен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірмей объектілерді беру қажет.

3 Дінтану сараптамасын

жүргізу қағидаларына
3-қосымша
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Дін іс­те­рі ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Дін іс­те­рі ко­ми­те­ті www.​egov.​kz
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Жиыр­ма екі (22) жұ­мыс күн
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сi
Са­рап­та­ма қо­ры­тындысы ту­ра­лы хат не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кестесi
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Өті­ніш­ті қа­был­дау ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - www.​qogam.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі
2) пор­тал - www.​egov.​kz.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке тұ­лға­лар үшiн – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се заң­ды тұ­лға­лар үшiн ді­ни бір­ле­стікті мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік не ол ту­ра­лы анық­та­ма;
3) са­рап­та­ма объ­ек­ті­сі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның кі­та­п­ха­на қор­ла­ры­на ке­ліп түс­ке­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі не мис­си­о­нер­лер­ді неме­се ді­ни бір­ле­стікті тір­кеу үшін бе­рі­л­ген өті­ніш­тің кө­шір­ме­сі не ді­ни бір­ле­стік бас­шы­сы­ның неме­се оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы адам­ның аты­нан жа­зы­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лін­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
4) са­рап­та­ма объ­ек­ті­ле­рі.
Ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал шет ті­лін­де болған жағ­дай­да, «Но­та­ри­ат ту­ра­лы» 1998 жы­л­ғы 14 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 80-ба­бы­на сәй­кес оның қа­зақ не орыс тіл­де­рін­де­гі но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы бе­рі­ле­ді. Объ­ект жи­нақ­тал­ған, ақа­у­сыз және за­қым­дал­ма­ған күй­де ұсы­ны­ла­ды.
Пор­тал­ға:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) са­рап­та­ма объ­ек­ті­сі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның кі­та­п­ха­на қор­ла­ры­на ке­ліп түс­ке­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­ды кө­шір­ме­сі не мис­си­о­нер­лер­ді неме­се ді­ни бір­ле­стікті тір­кеу үшін бе­рі­л­ген өті­ніш­тің элек­трон­ды кө­шір­ме­сі не ді­ни бір­ле­стік бас­шы­сы­ның неме­се оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы адам­ның аты­нан жа­зы­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лін­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) он­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (ақ­па­рат­тар­дың) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты қыз­мет­ке неме­се бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (өкі­мі) бол­са;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­шім­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы