Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Бұйрық · № 70 · қабылданған 10.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-162-ekb-165242/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы» Қолданыста Бұйрық ·№ 70 ·10.03.2022
10.03.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 70 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 «Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы»
Атауы (қаз.)
«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70
Қабылданған күні
10.03.2022
Көрсетілген редакция
10.03.2022 165242_565423.kaz
Соңғы өзгеріс
10.03.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027110
ЭКБ идентификаторы
165242
Редакция идентификаторы
165242_565423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:12

0 «Дінтану сараптамасын жүргізу

қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 162 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10184 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 10-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және дінтану сараптамасын жүргізу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес дінтану сараптамасын діни қызмет саласында арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар (мамандар), қажет болған кезде мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сараптаманы жүргізу үшін гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша мына:
дінтану;
теология;
исламтану мамандықтарының біреуі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар сарапшылар, сондай-ақ діни қызмет саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар тартылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш жасаған жағдайда, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесі құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсетуді есепке алуды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Жеке басын куәландыратын, құқығын белгілейтін құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды Портал арқылы сараптама объектілерінің электрондық нысандарын тіркемей жіберсе, көрсетілетін қызметті беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісінің түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына жіберу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы сараптама объектілерін хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына пошта байланысы арқылы не қолма-қол жібереді.
Сараптама жүргізу мерзімі көрсетілетін қызметті беруші сараптама объектілерін алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сараптама объектісін ілеспе хатпен сараптамаға жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
«8-2. 300-ден (үш жүзден) астам баспа бетін немесе ұзақтығы 2 (екі) сағаттан астам аудио, бейне жазбаларды қамтитын объекті сараптамаға келіп түскен жағдайда, сараптама жүргізу 2 (екі) немесе одан да көп сарапшыға тапсырылады.
Сараптамалық қорытынды әрбір сарапшыдан алынған тұжырымдарды бірлесіп талдаудан кейін жасалады және бірыңғай қорытындыны білдіреді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сараптама объектісі келіп түскен кезде сарапшы (сарапшылар) 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде объектіге сараптама жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушіге сараптама қорытындысын жібереді, сондай-ақ сараптама объектісін көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Дінтану сараптамасын жүргізу үшін уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетін сарапшыларды айқындайды. Мемлекеттік органдардың өкілдері және өзге де мамандар тартылған кезде, сондай-ақ бір объект бойынша 3 (үш) сарапшыдан артық айқындалған кезде уәкілетті орган сараптама тобын құрады. Сараптамалық қорытынды әрбір сарапшыдан алған тұжырымдамалардың негізінде бірлесіп жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын лауазымды адам, жоғары тұрған уәкілетті орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не өзге де әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағыммен жүгінуге жол беріледі.»;
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 70 Бұйрыққа
қосымша
Дінтану сараптамасын
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
«Дін­та­ну са­рап­та­ма­сын жүр­гі­зу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Дін іс­те­рі ко­ми­те­ті
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ақ­па­рат және қо­ғам­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Дін іс­те­рі ко­ми­те­ті;
2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Жиыр­ма екі (22) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сi
Са­рап­та­ма қо­ры­тындысы ту­ра­лы хат не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кестесi
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Өті­ніш­ті қа­был­дау ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­ры­на бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – www.​qogam.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
2) пор­тал­да – www.​egov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге өті­ніш жа­са­ған кез­де:
1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке тұ­лға­лар үшін – же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар­дың сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат неме­се заң­ды тұ­лға­лар үшін – ді­ни бір­ле­стікті мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік не анық­та­ма;
3) са­рап­та­ма объ­ек­ті­сі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның кі­та­п­ха­на қор­ла­ры­на ке­ліп түс­ке­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі не мис­си­о­нер­лер­ді неме­се ді­ни бір­ле­стікті тір­кеу үшін бе­рі­л­ген өті­ніш­тің кө­шір­ме­сі не ді­ни бір­ле­стік бас­шы­сы­ның неме­се оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы адам­ның аты­нан жа­зы­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лін­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
4) са­рап­та­ма объ­ек­ті­ле­рі.
Ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал шет ті­лін­де болған жағ­дай­да, «Но­та­ри­ат ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 80-ба­бы­на сәй­кес оның қа­зақ не орыс тіл­де­рін­де­гі но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы бе­рі­ле­ді. Объ­ект жи­нақ­тал­ған, ақа­у­сыз және за­қым­дал­ма­ған күй­де ұсы­ны­ла­ды.
Пор­тал­ға:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) са­рап­та­ма объ­ек­ті­сі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұй­ым­да­ры­ның кі­та­п­ха­на қор­ла­ры­на ке­ліп түс­ке­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі не мис­си­о­нер­лер­ді неме­се ді­ни бір­ле­стікті тір­кеу үшін бе­рі­л­ген өті­ніш­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі не ді­ни бір­ле­стік бас­шы­сы­ның неме­се оның мін­де­тін ат­қа­ру­шы адам­ның аты­нан жа­зы­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лін­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) он­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (ақ­па­рат­тар­дың) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­тің неме­се қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (өкі­мі) бол­са;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­шім­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

Қолданыстағы