Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 "Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы"

Бұйрық · № 3 · қабылданған 08.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-162-ekb-98747/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 "Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы" Қолданыста Бұйрық ·№ 3 ·08.01.2016
08.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 "Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы"

Қолданыста Бұйрық ·№ 3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 162 "Об утверждении Правил проведения религиоведческой экспертизы"
Атауы (қаз.)
"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
08.01.2016
Көрсетілген редакция
08.01.2016 98747_60692.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013028
ЭКБ идентификаторы
98747
Редакция идентификаторы
98747_60692
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:14

0 «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10184 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (28569) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының:
2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дінтану сараптамасының (бұдан әрі – сараптама) жүргізілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Сараптама жүргiзу мерзімі осы қағидалардың 11-тармағында қарастырылған жағдайларда 30 (отыз) күнтізбелік күнге ұзартылады. Уәкілетті орган сараптама жүргізу мерзімін ұзартқаннан кейін, осы қағидалардың 11-тармағында қарастырылған сұрау салулар жолдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сұрау салумен жүгінген тарапқа жазбаша хабарлайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган сарапшыға (сарапшыларға, сарапшылар тобының мүшлеріне) объект бойынша сараптама жүргізу үшін сұрақтар тізбесін ұсынады.»;

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін осы бұйрықтың елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелерін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

4 4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы