Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 166/32 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Өзге акт · № 290/50 · қабылданған 25.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-16632/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 166/32 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням» Күшін жойған Өзге акт ·№ 290/50 ·25.11.2019
06.05.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 166/32 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 290/50 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Баянаульского районного маслихата от 30 апреля 2014 года № 166/32 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Атауы (қаз.)
Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 166/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
290/50
Қабылданған күні
25.11.2019
Көрсетілген редакция
06.05.2021 137391_528666.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PE006673
ЭКБ идентификаторы
137391
Редакция идентификаторы
137391_528666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:42

0 Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 166/32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 166/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақтың сегізінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне (бұдан әрі – ҰОС) 500000 (бес жүз мың) теңге, сондай-ақ азық-түлік жиынтығына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;»;
1-тармақтың оныншы абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;»;
1-тармақтың он бірінші абзацтағы «10 АЕК мөлшерінде;» деген сөздер мен сандар «50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;» деген сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
__________________ Б.Бақауов
2019 жылғы 7 қараша

Қолданыстағы