О признании утратившим силу приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 187 «Об утверждении Правил определения обоснованной величины объема потребления физическими лицами регулируемых услуг в сфере водоснабжения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 187 «Об утверждении Правил определения обоснованной величины объема потребления физическими лицами регулируемых услуг в сфере водоснабжения»
- Атауы (қаз.)
- «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп, көрсетілетін қызметтерді жеке адамдардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 187 бұйрығының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 549
- Қабылданған күні
- 21.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2015 91911_24323.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15N0000549
- ЭКБ идентификаторы
- 91911
- Редакция идентификаторы
- 91911_24323
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:01
0 «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп, көрсетілетін қызметтерді жеке адамдардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 187 бұйрығының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сумен жабдықтау саласындағы реттеліп, көрсетілетін қызметтерді жеке адамдардың тұтыну көлемінің негізделген шамасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10402 тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) күнтізбелік бес күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оның қол қойылған күнінен қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2015 жылғы «____» __________