Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 июня 2014 года № 188 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 242 · қабылданған 03.03.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-188-ekb-87794/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 июня 2014 года № 188 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Қолданыста Ереже ·№ 242 ·03.03.2015
03.03.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 июня 2014 года № 188 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Қолданыста Ереже ·№ 242 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 июня 2014 года № 188 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
242
Қабылданған күні
03.03.2015
Көрсетілген редакция
03.03.2015 87794_7890.kaz
Соңғы өзгеріс
03.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LE004922
ЭКБ идентификаторы
87794
Редакция идентификаторы
87794_7890
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:16

0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4736 нөмірімен тіркелген, «Қармақшы таңы» газетінің 2014 жылғы 5 тамыздағы №50 шығарылымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы.»
көрсетілген шешіммен бекітілген қағиданың мемлекеттік тілдегі нұсқасының атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын:
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары.»
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
6-тармақ 11-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«11-1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалар»
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.»;
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – бір жолғы көмек 150000 теңге;
келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек ай сайын шекті шама 7,6 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Ж.Жылқышиева
«3» наурыз 2015 жыл

Қолданыстағы