О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 30 января 2014 года № 212-V «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Атырауской области (города, района)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 30 января 2014 года № 212-V «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Атырауской области (города, района)»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V «Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25-VIII
- Қабылданған күні
- 24.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2023 182348_635173.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23T0503106
- ЭКБ идентификаторы
- 182348
- Редакция идентификаторы
- 182348_635173
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:48
0 Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V «Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 212-V «Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2870 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат төрағасының және облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынуымен сәйкесті Атырау облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасына облыстың (қала, аудан) мәслихат төрағасы және облыс (қала, аудан) әкімі қол қояды.
3. Атырау облысының Құрмет грамотасы облыстың (қала, аудан) мәслихат төрағасымен және облыс (қала, аудан) әкімімен салтанатты жағдайда табыс етіледі.
Атырау облысының (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтауға үміткерлер бойынша ұсыныстарды еңбек ұжымдарымен, жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа ұсынылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттарға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардан құжаттарында мөр қоюды талап етуге тыйым салынады.».