О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 229/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 309/43
- Қабылданған күні
- 23.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2019 87716_407048.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15PB004379
- ЭКБ идентификаторы
- 87716
- Редакция идентификаторы
- 87716_407048
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:33
0 Ақсу қалалық мәслихатының
2014 жылғы 30 сәуірдегі
«Алушылардың жеке алынған
санаттары үшін атаулы күндер
мен мереке күндеріне әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу
туралы» № 229/31 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 229/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда «Ақсу жолы», «Новый путь» газетінің № 35 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың:
үшінші абзацтағы «69 айлық есептік көрсеткіш» деген сандар мен сөздер «150000 (жүз елу мың) теңге» деген сандар және сөздермен ауыстырылсын;
бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он екінші, он төртінші, он жетінші, он тоғызыншы абзацтағы «1,8» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
оныншы және он бесінші абзацтағы «14» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
он бірінші, он алтыншы абзацтағы «3,5» деген сандар «10» деген сандармен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталмаған адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».