Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»

Өзге акт · № 55/7 · қабылданған 09.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-22931/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням» Күшін жойған Өзге акт ·№ 55/7 ·09.09.2016
20.05.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 55/7 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 229/31 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятых категорий получателей к памятным датам и праздничным дням»
Атауы (қаз.)
Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 229/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55/7
Қабылданған күні
09.09.2016
Көрсетілген редакция
20.05.2019 106693_407050.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PB005246
ЭКБ идентификаторы
106693
Редакция идентификаторы
106693_407050
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:49

0 Ақсу қалалық мәслихатының

2014 жылғы 30 сәуірдегі
«Алушылардың жеке алынған
санаттары үшін атаулы күндер
мен мереке күндеріне әлеуметтік
көмектің мөлшерлерін белгілеу
туралы» № 229/31 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Алушылардың жеке алынған санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 229/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда «Ақсу жолы», «Новый путь» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
жиырма екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: «1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай: зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға (тұлғаларға), атап айтқанда:»;
жиырма төртінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: «зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын адамдарға 1,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
отызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын: «кәмелетке толмаған балалары бар 3-топтағы мүгедек әйелдерге 2,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Бегентаев М.М.
«9» қыркүйек 2016 жыл

Қолданыстағы