О внесении изменений в решение маслихата от 30 октября 2014 года № 235 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 30 октября 2014 года № 235 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 21.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 102409_461795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NR006373
- ЭКБ идентификаторы
- 102409
- Редакция идентификаторы
- 102409_461795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:29
0 Мәслихаттың 2014 жылғы 30
қазандағы № 235 «Мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы «Маяк» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________________ Л. Өтешева
«21» сәуір 2016 жыл