О внесении изменений в решение маслихата района Байдибек от 30 мая 2014 года № 25/139 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Байдибекском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Байдибек от 30 мая 2014 года № 25/139 «Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Байдибекском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бәйдідбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы № 25/139 «Бәйдібек ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10/64
- Қабылданған күні
- 29.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2021 167993_575316.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21UE01064M
- ЭКБ идентификаторы
- 167993
- Редакция идентификаторы
- 167993_575316
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:11
0
Бәйдідбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы № 25/139 «Бәйдібек ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» №1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 қаулысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Бәйдідбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 мамырдағы №25/139 «Бәйдібек ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4600 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бәйдібек ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы шешімі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Барлық ауылдық округтерде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасы
Аудандық мәслихаттың 2021
жылғы «29» қазандағы №10/64
шешіміне қосымша
Барлық ауылдық округтерде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасы
1
1. Барлық ауылдық округтерде осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидасы (бұдан-әрі Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» №1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы №707 қаулысына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7 7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.