О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 365/50
- Қабылданған күні
- 26.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2020 129887_490912.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PA006278
- ЭКБ идентификаторы
- 129887
- Редакция идентификаторы
- 129887_490912
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:42
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі
«Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының
10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда «Звезда Прииртышья» газетінде, 2014 жылғы 9 мамырда «Шаһар» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының
10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1-тармақтың он бесінші абзацтағы «10 АЕК» деген сандар мен сөздер «50000 (елу мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
_____________ Б. Бақауов
2019 жылғы «26» наурыз