О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 "Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 335/45
- Қабылданған күні
- 04.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2020 84533_490902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA004179
- ЭКБ идентификаторы
- 84533
- Редакция идентификаторы
- 84533_490902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:05
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы" № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1.
Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы № 17 «Шаһар» газетінде және 2014 жылғы 8 мамырдағы № 51 «Звезда прииртышья» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацындағы «1 қазан - Халықаралық қарттар күні» сөздері «1 қазан - Халықаралық қарт адамдар күні» сөздерімен ауыстырылсын;
1-тармақтың жетінші абзацындағы «қазанның екінші жексенбісі – Халықаралық мүгедектер күні» сөздері «қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.