О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 30 апреля 2014 года № 259/35 «Об установлении размеров социальной помощи для отдельно взятой категории получателей к памятным датам и праздничным дням»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 383/52
- Қабылданған күні
- 30.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 03.11.2020 132257_490904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PA006403
- ЭКБ идентификаторы
- 132257
- Редакция идентификаторы
- 132257_490904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:43
0 Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі
«Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы» № 259/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Атаулы күндер мен мерекелік күндерге жеке алынған санаттардағы көмек алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшерлерін белгілеу туралы»
№ 259/35 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 мамырда «Звезда Прииртышья» газетінде, 2014 жылғы 9 мамырда «Шаһар» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың он бірінші абзацындағы «150 000 (жүз елу мың) теңге» деген сандар мен сөздер «500 000 (бес жүз мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың он бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылар, Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары (біреуі) мен жесірлері 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде»;
1-тармақтың он алтыншы абзацындағы «10 АЕК» деген сандар мен сөздер «50 000 (елу мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі
_____________ Б. Бақауов
2019 жылғы «30» мамыр