Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 265 «Об утверждении Правил постановки на учет и снятия с учета защитных сооружений гражданской обороны»

Бұйрық · № 432 · қабылданған 16.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-265-ekb-185157/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 265 «Об утверждении Правил постановки на учет и снятия с учета защитных сооружений гражданской обороны» Қолданыста Бұйрық ·№ 432 ·16.08.2023
16.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 265 «Об утверждении Правил постановки на учет и снятия с учета защитных сооружений гражданской обороны»

Қолданыста Бұйрық ·№ 432 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 265 «Об утверждении Правил постановки на учет и снятия с учета защитных сооружений гражданской обороны»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
432
Қабылданған күні
16.08.2023
Көрсетілген редакция
16.08.2023 185157_648480.kaz
Соңғы өзгеріс
16.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033300
ЭКБ идентификаторы
185157
Редакция идентификаторы
185157_648480
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:18

0 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ балансында қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.
Теңгерімінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат береді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесін түзету тиісті жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша жыл сайын жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке алуды жүргізу үшін баспана (радиацияға қарсы баспана) паспорты және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты құжаттық негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын түгендеуді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кемінде 3 (үш) жылда бір рет жүргізеді.
Түгендеу шеңберінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексеру жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері есепте тұрмайтын азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын анықтаған жағдайда оларды есепке қою жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Меншік иесі болмаған немесе меншік иесі азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, осы объект Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесіз жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының түгендеу нөмірлерін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында белгіленетін берілген реттік нөмірге сәйкес береді.»;
9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттаманы дайындау мақсатында:
мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты – мемлекеттік орган басшысының;
ұйымның азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысының шешімімен комиссия құрылады.
10. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құрылатын комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының есебін жүргізетін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі жергілікті атқарушы органның өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келісім бойынша енгізіледі.
11. Комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға жоспарланатын құжаттамаларды қарайды, мақсаты бойынша пайдалануға азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін бағалайды және жұмыс нәтижелері бойынша осы Қағидаларға № 1-1 қосымшадағы нысанға сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы акті жасайды немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:
1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;
2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;
4) осы Қағидаларға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды;
5) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар;
6) жекелеген комиссия мүшелерінің айрықша пікірі (егер болса) қоса беріледі.
Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады.
13. Қоса берілген құжаттамамен бірге Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бекітілгенге дейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
14. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы келісілген актілерді:
мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарына қатысты - мемлекеттік орган басшысы;
ұйымның азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарына қатысты – ұйым басшысы бекітеді.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1-1 - қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2023 жылғы 16 тамыздағы
№ 432 Бұйрыққа
1-қосымша
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларына
1 қосымша
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының тізбесі
р/с№
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­сы­ның тү­ген­деу нө­мі­рі
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­сы­ның мен­шік ие­сі
Мен­шік ны­са­ны (мем­ле­кет­тік неме­се же­ке)
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­сы­ның ме­кен­жайы, оның ішін­де оның ко­ор­ди­нат­та­ры
Аза­мат­тық қор­ға­ныс қор­ға­ныш құ­ры­лы­ста­ры­ның ка­дастр­лық нө­мі­рі
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­ста­ры жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­сы­ның сый­ым­ды­лы­ғы
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­сы­ның тү­рі (бас­па­на неме­се ра­ди­а­ци­я­ға қар­сы бас­па­на)
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың қор­ға­ныш құ­ры­лы­сы­ның ор­на­лас­қан же­рі (кі­рік­ті­рі­л­ген неме­се же­ке тұр­ған)
Дай­ын­дық жағ­дайы (қа­рын­да­шпен тол­ты­ры­ла­ды)

2 Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы АКТІ _______________________________________________________________ (Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын пайдаланушының атауы)

Бұйрыққа 2-қосымша
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларына
1-1 қосымша
нысан
№ ___ дана
«КЕЛІСІЛДІ»
____________________________
(лауазымы)
____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
20__ жылғы «___» ___________
Мөрдің орны
«БЕКІТІЛДІ»
_____________________________
(лауазымы)
_____________________________
(қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
20__ жылғы «___» _____________
Мөрдің орны
Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын
есептен шығару туралы АКТІ
_______________________________________________________________
(Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын пайдаланушының атауы)
20__ жылғы «___» ___________ ______________
(елді мекен)
Комиссия мына құрамда: төраға _____________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
комиссия мүшелері: _______________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
_______________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
_______________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
бұйрықпен (өкіммен) тағайындалған ________________________________________________________
(органның, ұйымның атауы)
20__ жылғы «___» ___________ № ___ негізінде _________________________________________
__________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ байқау өткізді
(объекті атауы, орналасу орнының мекенжайы)
және комиссия ұсынған техникалық құжаттаманы қарады:
1. Пайдаланылуға берілген жыл ____ жылғы.
2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының бастапқы теңгерімдік құны - ____ теңге (бағаларда ___ жылғы).
3. Бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы - ____ теңге.
4. Өткізілген күрделі жөндеу саны __ сомаға ____ теңге (бағаларда ____ жылғы).
5. Оны есептен шығару сәтіндегі Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының бастапқы теңгерімдік құны - ____ тг. (бағаларда 20____ жылғы).
6. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының конструкцияларының нақты жай-күйі және есептен шығару себептері:___________________________________________
______________________________________________________________________________________
7. Комиссия қорытындысы: _________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Қосымша: есептен шығару туралы актіге қоса берілетін құжаттар тізбесі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Комиссия төрағасы _________________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны
Комиссия мүшелері: ________________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны
_______________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны
_______________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны
______________________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда))
Мөрдің орны

Қолданыстағы