О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 265 «Об утверждении Правил постановки на учет и снятия с учета защитных сооружений гражданской обороны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 мая 2014 года № 265 «Об утверждении Правил постановки на учет и снятия с учета защитных сооружений гражданской обороны»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 29.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2025 210888_761009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036176
- ЭКБ идентификаторы
- 210888
- Редакция идентификаторы
- 210888_761009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:08
0 «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын (оның ішінде азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылыстары) есепке қоюды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ балансында қорғаныш құрылыстары бар ұйымдар жүргізеді.
Теңгерімінде азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы ақпарат береді.»;
9 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттаманы қарастыру мақсатында:»
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы Қағидалардың 12-тармағында айқындалған құжаттаманы дайындауды азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылысының меншік иесі жүзеге асырады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссия азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығаруға жоспарланатын құжаттамаларды 30 жұмыс күні ішінде қарайды, мақсаты бойынша пайдалануға азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының әзірлігін бағалайды және жұмыс нәтижелері бойынша осы Қағидаларға № 1-1 қосымшадағы нысанға сәйкес азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы акті жасайды немесе азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актіге:
1) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының паспорты;
2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
3) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты;
4) осы Қағидаларға № 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша осы азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылыстарының жай-күйі туралы техникалық қорытынды (қоршау және тірек құрылыс конструкцияларының есептік қорғау қасиеттері жойылған кезде қоса беріледі);
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жұмылдыру тапсырмасының (тапсырысының) және азаматтық қорғаныс бойынша санатының болуы немесе болмауы туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органынан алынған ақпарат;
6) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару нәтижесінде алған үй-жайлар мен жер телімін пайдалану жөніндегі ұсынымдар.
Төтенше жағдайлар салдарынан жарамсыз болған азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару үшін құжаттарды дайындаған кезде актілерге төтенше жағдайлар фактілерін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
Оларға қоса берілетін құжаттамамен (бұдан әрі – құжаттама) азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есептен шығару туралы актілер төрт данада жасалады.».