О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 349 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности для хвостовых и шламовых хозяйств опасных производственных объектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 349 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности для хвостовых и шламовых хозяйств опасных производственных объектов»
- Атауы (қаз.)
- «Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 18.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2023 178159_619465.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031732
- ЭКБ идентификаторы
- 178159
- Редакция идентификаторы
- 178159_619465
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:36
0 «Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 349 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10253 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Негізгі ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағындағы қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтарын (бұдан әрі - қалдық қоймасы) жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта жаңарту, жаңғырту, консервациялау және жою кезіндегі ұйымдастыру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Технологиялық процестерді қалдық қоймаларды пайдаланушы-ұйымның техникалық басшысы әзірлеген және бекіткен технологиялық регламентті сақтай отырып жүргізу қажет.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қойыртпақ жүргізгіштер төселетін туннельдер желдеткішпен, авариялық жарықпен жабдықталады және қызмет көрсетуші персонал құрамына арналған ені 0,8 м өту жолдары орнатылады.
Туннелдердің аэрациялық және желдету ойықтары үнемі жұмыс күйінде болады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қалдық қоймаларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қалдық қоймалардың дамбалары мен бөгеттерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Гидравликалық көлікті пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
109-тармақ алып тасталсын;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қойыртпақты қойылту кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Су жинау және су бұру құрылыстарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Коллекторларды тексеру мен жөндеуді саны кемінде үш адамнан тұратын топ орындайды. Коллектордағы немесе тереңдігі 5 м құдықтағы адамдар газталдауыштармен, шамдармен, коллекторға және құдыққа кіреберіс жолындағы адамдармен екіжақты сым байланысымен немесе радиобайланыспен жабдықталады.»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Айналымдық сумен жабдықтау жүйесін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Байланыс, дабыл және жарықтандыру жүйелеріне өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Өндірістік бақылауды және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету тәртібі»;
189-тармақ тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«189. Қоршау дамбалары мен бөгеттердің жай-күйін заттың өзіне қарап қадағалау оларға орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, аспаппен бақылауды қамтиды.»;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Үстемелеп қазылатын және карстелген аумақтардағы қалдық қоймаларының өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Шөгін қоймасында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Аршымалы жыныстардың гидроүйінділерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі»;
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Шаңмен күресу және радиациялық қауіпсіздік бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-тарау. Персоналды қорғау бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-тарау. Қалдық қоймаларын консервациялау, жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-тарау. Жобалық құжаттамаға өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі