О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 353 «Об утверждении Правил идентификации опасных производственных объектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 353 «Об утверждении Правил идентификации опасных производственных объектов»
- Атауы (қаз.)
- «Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 08.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2025 210024_756778.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036101
- ЭКБ идентификаторы
- 210024
- Редакция идентификаторы
- 210024_756778
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:31
0 «Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидаларында:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қауіпті өндірістік объектілерді бірдейлендіру қағидалары
(бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы
23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 112) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасымен қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдардың (бұдан әрі - ұйымдар) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру тәртібін айқындайды.»;
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сәйкестендіру нәтижелері бойынша ұйым он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына ақпарат береді.»;
2 қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 182
Бұйрықпен бекітілді
Қауіпті өндірістік объектілерді
бірдейлендіру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ұсынылады: азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ИИ-1
Кезеңділік: қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру нәтижелері бойынша
Есепті кезең: 20__ жылғы «__»____________
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта
Р/с №
Деректердің атауы
Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат
А
1
2
1
Қауіпті өндірістік объектінің атауы
2
Қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру ерекшеліктері
3
Объектінің орналасқан жері немесе мекен-жайы болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі
4
Заңды / жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің толық атауы
5
Кәсіпкерлік санаты
6
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды
7
Мекенжайдың тіркеу коды
Мекенжайы ___________________________
_______________________________________
Атауы____________________________
__________________________________
Телефоны: _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________________________________
Орындаушы ___________________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға _______________________
_________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
1 Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат» ИИ-1, қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде
Әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпарат» ИИ-1, қауіпті өндірістік объектілер сәйкестендірілгеннен кейін
15 жұмыс күні ішінде