Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 354 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при эксплуатации магистральных трубопроводов»

Бұйрық · № 357 · қабылданған 29.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-354-ekb-176568/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 354 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при эксплуатации магистральных трубопроводов» Қолданыста Бұйрық ·№ 357 ·29.12.2022
29.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 354 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при эксплуатации магистральных трубопроводов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 357 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 354 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности при эксплуатации магистральных трубопроводов»
Атауы (қаз.)
«Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
357
Қабылданған күні
29.12.2022
Көрсетілген редакция
29.12.2022 176568_617704.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031434
ЭКБ идентификаторы
176568
Редакция идентификаторы
176568_617704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:07

0 «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы

30 желтоқсандағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 354 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10240 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. МҚ қауіпті өндірістік объектілерді (бұдан әрі - ҚӨО) пайдалануға енгізу кезінде МҚ объектілерін пайдалануға, сондай-ақ авария салдарын оқшаулауға және жоюға әзірлігі тексеріледі.
Барлық ҚӨО үшін пайдаланушы ұйым пайдалануды бастағанға дейін аварияны жою жоспары (бұдан әрі - АЖЖ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 349 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23684 тіркелген) сәйкес әзірлейді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Техникалық қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Технологиялық құбырларды беріктік пен герметикалыққа сынаулары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754) сәйкес жүргізіледі.»;
40, 41, 42, 42-1, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 109 және 110-тармақтар алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Магистральдық құбыр объектілерін және желілік бөлігін жөндеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Салынған МҚ және (немесе) оның бөлігін қабылдау алдында құбыр ішіне арнаулы ұйым диагностика жүргізеді. Құбырішілік диагностика кезінде анықталған ақаулықтарды жою МҚ салуды жүзеге асырған құрылыс-монтаждау ұйымы жүргізеді.
Құбыр ішіне диагностика жүргізуге қойылатын талаптар пайдаланудағы МҚ жөндеуге, желілік бөлігін ауыстыруға қолданылмайды.»;
124-тармақ алып тасталсын;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Магистральдық құбырлар объектілерін және желілік бөлігін техникалық диагностикалау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі»;
129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«129. Сұйытылған мұнайлы газдары тасымалданатын МҚ объектілері екі жылда бір реттен жиі емес бұзылмайтын бақылау әдістерімен диагностикалауға ұшырайды. МҚ ЖБ құбырішілік диагностикалау жоспарлы негізде нормативтік–техникалық құжаттамаға сәйкес:
1) магистральдық мұнай құбырларына 5 жылда бір реттен жиі емес;
2) магистральдық газ құбырларына 8 жылда бір реттен жиі емес жүргізіледі.»;
130, 131, 132, 133 және 134-тармақтар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

Қолданыстағы