Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 356 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности для опасных производственных объектов, осуществляющих проведение нефтяных операций на море»

Бұйрық · № 301 · қабылданған 05.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-356-ekb-228744/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 356 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности для опасных производственных объектов, осуществляющих проведение нефтяных операций на море» Күшіне енбеген 05.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 356 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности для опасных производственных объектов, осуществляющих проведение нефтяных операций на море»

Күшіне енбеген Бұйрық № 301 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 356 «Об утверждении Правил обеспечения промышленной безопасности для опасных производственных объектов, осуществляющих проведение нефтяных операций на море»
Атауы (қаз.)
«Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
301
Қабылданған күні
05.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2026
Көрсетілген редакция
05.08.2026 I228744_0.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039574
ЭКБ идентификаторы
228744
Редакция идентификаторы
I228744_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.08.2026 03:34
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10239 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) көп қабатты теңіз стационарлық тұғырнамасы (бұдан әрі – КҚТСТ) – жоғарғы құрылысы блок-модульдік түрде орындалған, ұңғымаларды бір мезгілде бұрғылауға және пайдалануға арналған тұғырнама, онда пайдалану ұңғымаларының сағалары мен технологиялық жабдық төменгі қабатта, ал бұрғыланып жатқан ұңғымалардың сағалары, бұрғылау жабдығы, тұрғын, қызметтік және санитариялық үй-жайлар блогы және тікұшақ алаңы жоғарғы қабатта орналасады;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әрбір теңіз мұнай-газ құрылысының конструкциясы осы құрылысты тасымалдау, белгіленген нүктеге орнату және пайдалану процесінде оған әсер ететін жүктемелерге орнықтылықты қамтамасыз етуге тиіс.
Теңіз мұнай-газ құрылыстарының құрамына кіретін және (немесе) теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын жабдықты пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу дайындаушының құжаттамасына, жобалау және пайдалану құжаттамасына, технологиялық регламенттерге, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
68-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Мұнара асты порталының биіктігі жобалау құжаттамасына сәйкес орнатылған шығарындыға қарсы жабдыққа қызмет көрсету және оны пайдалану жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз әрі қолайлы орындауды қамтамасыз етуге тиіс.»;
287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«287. Теңіз мұнай-газ құрылыстарында ұңғымалар өнімін жинаудың, дайындаудың және тасымалдаудың қағидатты схемасын әзірлеу кезінде мынадай шарттар ескеріледі:
1) теңіз мұнай-газ құрылыстарындағы объектілердің саны, сондай-ақ технологиялық операциялардың құрамы мен саны технологиялық операциялар санын қысқарту қажеттілігі ескеріле отырып, кен орнын жайластыру жобасында айқындалады;
2) КҚТСТ-ның жоғарғы құрылысы ұңғымаларды бір мезгілде бұрғылау мен пайдалануды қамтамасыз ететін жабдығы бар блок-модульдерді, тұрғын, қызметтік және санитариялық үй-жайлар блогын, сондай-ақ тікұшақ алаңын орналастыруды көздейтін кен орнын жайластыру жобасына сәйкес келуге тиіс;
3) КҚТСТ-ның өлшемдері, ұңғымалар шоғырындағы ұңғымалар саны, ұңғымалар арасындағы арақашықтық және олардың өзара орналасуы кен орнын жайластыру жобасында айқындалады;
4) КҚТСТ-дағы технологиялық қондырғылар мен жабдықтың орналасуы кен орнын жайластыру жобасында айқындалады.».

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі