Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 38 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности"

Бұйрық · № 209 · қабылданған 19.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-38/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 38 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности" Күшін жойған Бұйрық ·№ 209 ·19.06.2014
26.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 38 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 209 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 38 "Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности"
Атауы (қаз.)
"Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
209
Қабылданған күні
19.06.2014
Көрсетілген редакция
26.05.2015 AI81360_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009571
ЭКБ идентификаторы
81360
Редакция идентификаторы
AI81360_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:22

0 "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9115 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген..»;
осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
осы бұйрықпен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.»;
осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш.Әбішевке жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Негіз­гі про­цес­стің іс-қи­мы­лы
Рә­сім­дер­дің (іс-қи­мыл­дар­дың) № ҚФБ-нің ата­уы
1
2
3
4
5
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лім­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лім­нің ма­ма­ны
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға әді­лет ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­сы
Іс-қи­мыл­дар­дың ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шын­да ке­ліп түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
Өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ре­сім­деу
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу
Аяқ­тау ны­са­ны
Өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шын­да тір­кеу мөр­таң­ба­сын қою
Орын­дау мер­зі­мі­мен және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны қам­ты­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Орын­дау мер­зі­мі­мен және бө­лім­де­гі жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны қам­ты­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ре­сім­дел­ген ха­бар­ла­ма
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ре­сім­дел­ген нәти­же­сі
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс күн­де­рі
ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ци­я­ны тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап
2 Кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс
Негіз­гі про­цесс
Қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лім­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға әді­лет ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­сы
1. Өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шы­на ке­ліп түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
2. Өті­ніш­ті қа­рау
3. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау
4. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға хат­ты ре­сім­деу
7.Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу
6. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны жі­бе­ру
5. Ад­во­кат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға қол қою
8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру

2 «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Әділет органдарының аумақтық бөлімшелері арқылы қызмет
көрсеткенде (Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының
әділет департаменттері)
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ- «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО - Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

3 «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 19 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
3-қосымша
Адвокаттық қызметпен айналысуға
аттестаттаудан өткізу»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Қызмет алушының мемлекеттік органға жүгінген кезінде,
қызметті көрсету тәртібі;
**Қызметті «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ- «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО - Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ –Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

Қолданыстағы