Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан"

Бұйрық · № 704 · қабылданған 31.08.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-398-ekb-106513/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан" Қолданыста Бұйрық ·№ 704 ·31.08.2016
31.08.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан"

Қолданыста Бұйрық ·№ 704 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 "Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
704
Қабылданған күні
31.08.2016
Көрсетілген редакция
31.08.2016 106513_122798.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014268
ЭКБ идентификаторы
106513
Редакция идентификаторы
106513_122798
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:54

0 «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықта:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әділет органдарының басшысы және оның орынбасарлары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары Кодекстің 460-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы