Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 «Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1074 · қабылданған 10.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-398-ekb-124615/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 «Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 1074 ·10.07.2018
10.07.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 «Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1074 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 «Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1074
Қабылданған күні
10.07.2018
Көрсетілген редакция
10.07.2018 124615_351963.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017215
ЭКБ идентификаторы
124615
Редакция идентификаторы
124615_351963
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:46

0 «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықта:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әділет органдарының басшысы және оның орынбасарлары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары Кодекстің 460-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкімшілік айыппұл мен ескерту жасау түріндегі әкiмшiлiк жазаларды қолданады.».
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Әділет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды қарау кезінде жеке және заңды тұлғаларға қолданылатын әкiмшiлiк жаза түрлері:
ескерту жасау;
әкiмшiлiк айыппұл;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.».

2 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңда белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет

министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы