О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 «Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 398 «Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях органами юстиции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 25.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2021 153900_517817.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022411
- ЭКБ идентификаторы
- 153900
- Редакция идентификаторы
- 153900_517817
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:06
0 «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі ңұсқалықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды:
соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша (Кодекстің 158, 214, 462, 467, 668-баптары);
әдiлет органдарының қарауына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша (Кодекстің 230-бап (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672-баптар) әділет органдарының соған уәкілетті лауазымды тұлғалары жасайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қабылдау»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Әділет органдарының уәкілетті лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 468, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.
Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары Кодекстің 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және ескерту мен әкімшілік айыппұл жасау түріндегі әкімшілік жазаларды қолданады.»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларды апелляциялық тәртіпте қайта қарау»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енген қаулыларды және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижесі бойынша оларға жаңадан ашылған мән-жайлар жөніндегі қаулыларды қайта қарау»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулыларды орындау».
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс қағаздарын жүргiзу».