О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 41 "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление судебно-экспертной деятельности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 января 2014 года № 41 "Выдача лицензии, переоформление, выдача дубликатов лицензии на осуществление судебно-экспертной деятельности"
- Атауы (қаз.)
- "Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 19.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2015 AI81361_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009566
- ЭКБ идентификаторы
- 81361
- Редакция идентификаторы
- AI81361_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:22
0 "Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9116 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілсін.»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш.Әбішевке жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 210 бұйрығына
№ 210 бұйрығына
қосымша
«Сот-сараптамалық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензяның телнұсқасын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
4-қосымша
«Сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Қызмет алушының мемлекеттік органға жүгінген кезінде, қызметті көрсету тәртібі;
**Қызметті «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ - «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО - Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ –Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.