Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 549 "Об утверждении Правил формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг"

Бұйрық · № 78 · қабылданған 25.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-549/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 549 "Об утверждении Правил формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг" Қолданыста Бұйрық ·№ 78 ·25.01.2016
25.01.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 549 "Об утверждении Правил формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг"

Қолданыста Бұйрық ·№ 78 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 549 "Об утверждении Правил формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг"
Атауы (қаз.)
"Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
25.01.2016
Көрсетілген редакция
25.01.2016 99785_111445.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013251
ЭКБ идентификаторы
99785
Редакция идентификаторы
99785_111445
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:54

0 «Студенттер және оқушылар

лигаларын қалыптастыру, студенттер
мен оқушылар лигалары арасында
спорттық іс-шараларды ұйымдастыру
және өткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 549 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10192 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 мамырдағы №83 (27959) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Студенттер лигасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының топ-командаларынан қалыптастырылады (бұдан әрі - топ-командалары).»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10.  Топ-командалары дене шынықтыру пәні оқытушысының өтінімі бойынша техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларынан қалыптастырылады. Топ-командасына білім беру ұйымдарының бір топ білім алушылары енгізіледі.

2 2. Жастар саясаты департаменті (Р. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
2016 жылғы 27 қаңтар

Қолданыстағы