Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 «Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии»

Бұйрық · № 7-1/713 · қабылданған 31.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-7-1559-ekb-95065/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 «Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии» Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/713 ·31.07.2015
31.07.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 «Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 7-1/713 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 «Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии»
Атауы (қаз.)
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-1/713
Қабылданған күні
31.07.2015
Көрсетілген редакция
31.07.2015 95065_29460.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012154
ЭКБ идентификаторы
95065
Редакция идентификаторы
95065_29460
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:51

0 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу
қағидаларында:
13, 18 және 19 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты тасымалдау (жеткiзу) және жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 тіркелген) бекітілген, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
«18. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерiнде тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің нұсқамасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 7590 тіркелген) бекітілген жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiне енгізілген жануарлардың аурулары шыққан жағдайда жүргізіледi.
19. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-7/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 8662 тіркелген) сәйкес нысан бойынша оларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде және/немесе санитариялық тазалау, жануарларды санитариялық сою туралы тиiсті нұсқама береді.»;
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi.
22. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық дәрігері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгiлеген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акт жасайды.
23. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық дәрігер, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының белгілеген, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым орналасқан жер бойынша ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бөлімшесі мөрімен бекітіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған)
және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарында:
14-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтарындағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 11127 тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық паспорт;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 19 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 9 қыркүйек

Қолданыстағы