О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 746 «Об утверждении Правил создания местными исполнительными органами пожарных постов, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 746 «Об утверждении Правил создания местными исполнительными органами пожарных постов, их материально-технического оснащения в населенных пунктах, в которых отсутствуют подразделения государственной противопожарной службы»
- Атауы (қаз.)
- «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347
- Қабылданған күні
- 21.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2025 213501_785352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036666
- ЭКБ идентификаторы
- 213501
- Редакция идентификаторы
- 213501_785352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:41
0
«Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары бекітілсін»;
Жергілікті атқарушы органдардың көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 25 тамызда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
0 Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 21 тамыздағы
№ 347 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 746 бұйрығымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидалары
1 1. Осы Қағидалар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде өрт сөндiру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру тәртiбiн айқындайды.
2 2. Жергiлiктi атқарушы органдар өрт сөндiру пункттерін мемлекеттiк өртке қарсы қызметі бөлiмшелерi жоқ елдi мекендерде кезекшi ауысымға, өрт сөндiру автомобилiне арналған, телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етiлген үй-жайлары бар ғимараттарда құрады.
3 3. Тиiстi әкiмшiлiк аумақтарда өрт сөндiру пункттерін құру, олардың материалдық-техникалық жарақтандыруын ұйымдастыру әкімнің шешiмi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады.
4 4. Өрт сөндiру пункттері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өрт-техникалық жарақтардың ең аз санымен жасақталған өрт сөндiру автомобилiмен жарақталады.
5
5. Өрт сөндiру автомобилi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» қаулыға сәйкес жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етiледi.
6 6. Өрт сөндiру пункттерінiң жұмыс iстеуi үшiн ерiктi өрт сөндiрушiлер, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер тартылады.
1 Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жарақтардың ең аз тізбесі
Жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік өртке қарсы қызметі
бөлімшелері жоқ елді мекендерде
өрт сөндіру пункттерін құру,
оларды материалдық-техникалық
жарақтандыру қағидаларына
қосымша
Өрт сөндіру автомобиліне өрт-техникалық жарақтардың
ең аз тізбесі
р/с №
Жабдық пен құрал-жабдықтың атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1
Сорғыш жеңқұбыр, ұзындығы 4 м, диаметрі 125 мм
дана
2
2
Сорғыш жеңқұбыр, ұзындығы 4 м, диаметрі 75 мм
дана
2
3
Қысымды жеңқұбыр, гидранттан жұмыс істеу үшін латексті, ұзындығы 4-5 м, диаметрі 77 мм
дана
2
4
Қысымды жеңқұбыр, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм
дана
10
5
Қысымды жеңқұбыр, латексті, ұзындығы 20 м, диаметрі 51 мм
дана
6
6
Қысымды жеңқұбыр үшін СВ-125 торы, ұзындығы 12 м жібімен
дана
1
7
РТ-70 (РТ-80) 3-тармақты тарамақталу
дана
2
8
СВ-125 қақпашалары бар жеңқұбырлы су жинағыш
дана
1
9
Өрт бағаны
дана
1
10
РСК-50 оқпаны
дана
4
11
Лафетті жылжымалы оқпан
дана
1
12
Орташа еселікті көбік генераторы ГПС-600
дана
2
13
Көлденең ара
дана
1
14
Сырық-саты
дана
1
15
Ұзындығы 2,5 м металл багор
дана
1
16
Сүймен
дана
1
17
Ағаш ұстасының балтасы
дана
1
18
Жеңіл өрт ілмегі
дана
1
19
Сүйір күрек
дана
1
20
Ағаш қораптағы ағаш кесетін қол ара
дана
1
21
Электр желілерін кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:
диэлектрлік тұтқасы бар қайшы
дана
1
диэлектрлік қолғап
жұп
1
диэлектрлік боты
пара
1
диэлектрлік кілемше
дана
1
22
Электрлік топтық фонарь
дана
1
23
Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы
жиынтық
1
24
Автомобильдік радиостанция
дана
1
25
Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғысы
дана
1
26
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің жиынтығы
жиынтық
1
27
Тасмалдайтын өрт мотопомпасы
дана
1
28
Аспалы су бүріккіш
дана
5
29
Ауаүрлегіштер
дана
5
30
Соқпан
дана
5
31
Авариялық-құтқару құралдарының жиынтығы
жиынтық
1
32
Радиостанция
дана
3