Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»

Бұйрық · № 72 · қабылданған 30.01.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-959-ekb-110588/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 72 ·30.01.2017
30.01.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 72 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72
Қабылданған күні
30.01.2017
Көрсетілген редакция
30.01.2017 110588_167817.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014894
ЭКБ идентификаторы
110588
Редакция идентификаторы
110588_167817
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:19

0 «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 10371 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 59 (28537) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарындағы және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіндегі 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы лауазымына:
1) жоғарғы заңгерлік білімінің немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар;
2) уәкілетті орган бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен;
3) денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ;
4) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес дипломның бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға және құжаттар тізбесіне сәйкес жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға және құжаттар тізбесіне  сәйкес жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСМ) ақпараттық жүйесінен алу
Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алу (бұдан әрі – ҚСжАЕК ААЖ)
»;
«
2.
Күзетші лауазымына:
1) жасы 19-дан төмен емес;
2) уәкілетті орган бекітетін арнайы бағдарлама бойынша даярлықтан өткен;
3) денсаулық сақтау органдарында психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық бойынша есепте жоқ;
4) қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
Жеке куәлік
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан алу (бұдан әрі – ЖТ МДБ)
Осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің қосымшасына сәйкес жеке күзет ұйымында күзетші және басшы лауазымын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығының арнайы бағдарламасы бойынша курстардан өткендігі туралы куәліктің бар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлінісінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама
ҚСжАЕК ААЖ алу
Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден медициналық анықтамалар
ҚР ДСМ АЖ алу
»;
«
3.
Жеке күзет ұйымының басшысы және күзетшісі лауазымына:
1) психикалық ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себепті денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын;
2) қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 467, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
5) мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;
6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.
Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер және соттылығы болуы не болмауы туралы анықтама
ҚСжАЕК ААЖ алу
Осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінің қосымшасына сәйкес жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату және/немесе қызметтік тізім туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлінісінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада баспа және электронды нысанда жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_________________ Д. Абаев
2017 жылғы 10 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___» _________

Қолданыстағы